ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

72

Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мәжілісі өтті.

Мәжіліске аудандық филиалдың төрағасы, фракция жетекшісі Әлиасқар Байдуллаұлы, аудандық маслихаттың төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы және фракция мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының орындалуы және аудан көлемінде орналасқан карьерлер туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары және «AMANAT» партиясы Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының орындалуы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аудан көлемінде жазғы өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі мәселесі қойылған болатын.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлімдер есеп берді.

Фракция мүшелері жергілікті бөлім басшыларына сұрақтарын қойып, орындалуын бақылауда ұстауын және орындалып жатқан жұмыстың сапасына көңіл аударуын сұрады.

Күн тәртібіндегі мәселелерді фракция мүшелері кеңінен талқылап, қаулы қабылданды.