МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы “А. Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де қоғамдық бақылау жүргізілді.
Іс-шараға Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев, “Демеу” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Б. Смахова қатысты.
Бақылау барысында Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық стендтер (құжаттар тізбесі, өтініш үлгілері) тәртібімен таныстырылды. Қызмет алушыларды қабылдаудың ұйымдастырылу сапасы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тексерілді. Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, ақпараттың анықтығы бағаланды. Ғимараттағы дабыл батырмаларының жұмысқа жарамдылығы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайдың жасалуы қаралды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қызметтерді тиісті деңгейде ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілді.








