ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕУ ШАРАСЫ ӨТТІ

9

Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ауданымыздың түрлі салаларында адал еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және табандылығымен ерекшеленіп жүрген жұмысшы мамандық иелеріне арналған салтанатты жиын өтті.

Шараның басты мақсаты – еңбекті дәріптеу, кәсіби шеберлікті бағалау және жас ұрпаққа еңбекқорлықтың жарқын үлгісін көрсету.

Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, өндіріс саласын дамытуға қосқан үлестері үшін еңбек адамдарына шынайы алғысын білдірді. Ол әрбір жұмысшының жауапкершілігі мен табандылығын ерекше атап өтіп, олардың кәсіби еңбегі еліміздің дамуына қосылған маңызды үлес екенін айтты. Салтанатты жиында бірқатар азаматтарға «Алғыс хаттар» табыс етті.

Сонымен қатар, марапаттау рәсімінде аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров сөз сөйлеп, еңбек адамының қоғамдағы орны қашанда ерекше екенін атап өтті. Ол кәсіби шеберліктің Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, үздік жұмысшыларды арнайы Грамоталармен марапаттады.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Әншілердің орындауындағы әсем әндер қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекелік шараның сәнін арттырды.