ӘДЕПТІЛІК ПЕН ТӘРТІП МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БОЙЫНДАҒЫ ЕҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕР

100

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипатқа ие болып, қоғамға бағдарлануы үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өткен болатын. Осыған байланысты мемлекеттік аппарат жүйесі де қоғамның талабына сай өзгеруі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, кәсіби деңгейі мен олардың адами қасиеттері өзара үйлесім табуы керек. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің бойына осындай құндылықтарды сіңіруге бағытталған. Бұл Кодекс ең алдымен қызметтік әдеп стандарттарын нақтылап, мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді сіңіруді басты мақсат етеді.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ұсынылған болатын. 2022 жылдың 1 қыркүйек күнгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы».-деп атап өтті.

Тұжырымдаманың мақсаты, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметші азаматтардың өтініштеріндегі мәселені қарастыруда барынша қарапайым бола отырып азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, созбалаңдыққа жол бермей, жұмыс уақытын тиімді пайдалануы тиіс.

Сол себепті, мемлекеттік қызметші өзіне келген азаматтарды әдепке сай қабылдап, олардың сұрақтарына тиісті заңға сәйкес жауап беруді және де қабылданатын шешімдерге Кодексте көрсетілгендей заңнаманы басшылыққа алуы тиіс.

Жалпы, мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет, жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекетімен мінез-құлығына жауапты екенін, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауы маңызды.

 

Дастан МҰСАЕВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.