МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

159

Ауданымызда бүгінгі таңда 175 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. Мемлекеттік қызметшінің сөйлеу мәдениеті мен өзін-өзі ұстауы, халықпен жұмыс істеу әдебі, өз саласын жетік меңгеруі маңызды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заң бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына толыққанды анықтама берілген. Мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп кодексінің ең алғашқы пунктінде мемлекеттік қызметшінің қарапайым болуы айтылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауына баса назар аударылады. Бұл әдеп кодексі қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтарға, сыпайылық пен адамгершілікке, адалдыққа негізделген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзінде асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес, барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындауы қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Халықпен жұмыс істегендіктен, мемлекеттік қызметші ең бірінші кезекте қарапайым да сыпайы, әрі кішіпейіл болу керек. Халықпен қарым-қатынас орнатуда әрбір әдеп нормаларын сақтай отырып, олардың өтінішін заң аясында жедел шешуге тырысуы қажет.

Сауран ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде мемлекеттік қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізетін боламын.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға өз функциялары шегінде кеңес беруге әрқашан дайынмын. Мемлекеттік қызметшілерді және де басқа жеке азаматтарды қабылдау әр аптаның дүйсенбі күні сағат: 15.00-ден 18.30-ға дейін, байланыс телефон: 8-725-457-70-05. Сондықтан да мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен білімінен бөлек, адами қасиеттері де жоғары бағалануы тиіс.

 

Қ.ҚҰЛАЖАНОВ,

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, Сауран ауданы бойынша әдеп

жөніндегі уәкілі.