ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП ПЕН МОРАЛЬДЫҚ НОРМАЛАРДЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мереке күндері қарсаңында Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бекзат Абубакировтың төрағалығымен қызметтік әдеп талаптарын сақтау және жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану мәселелері бойынша түсіндіру жиыны өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің мереке күндері қарсаңында және күнделікті қызмет барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, этикалық талаптарды бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Аталған жиында персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Нұрбек Әшіров баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексінің негізгі талаптары, этикалық мінез-құлық қағидаттары және тәртіптік жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Кездесу қорытындысында қатысушыларға қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау, заң талаптарын орындау және мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу қажеттігі ескертілді.








