КЕНТАУДА «ЖЫЛ МАҚТАНЫШТАРЫ – 2025» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТТІ

Кентау қаласында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыл мақтаныштары – 2025» атты салтанатты кеш өтті.
Салтанатты жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қала басшылығы, білім саласының өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – 2025 жылы білім, ғылым, спорт және қоғамдық бағыттарда жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттау және олардың жетістіктерін көпшілікке таныту.
Шара барысында бір жыл ішінде республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Республикалық олимпиада жүлдегерлеріне марапаттарды қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы табыстады.
Сонымен қатар марапаттау рәсімдеріне қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Талғат Садуов , Кентау қалалық сотының төрайымы Айнұр Сағындықова, Кентау қалалық полиция бөлімінің басшы орынбасары, полиция майоры Марат Кадыркулов қатысты.
Аталған басқосу дарынды оқушыларды қолдауға және олардың жетістіктерін насихаттауға бағытталды.








