ТАНЫСЫНЫҢ ТЕЛЕФОНЫН ҰРЛАП, АҚШАСЫН ШЕШІП АЛҒАН КҮДІКТІ ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

155

Түлкібас аудандық полиция бөліміне шымкенттік тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Яғни жәбірленушінің айтуынша, танысы оның құны 50 000 мың тұратын «Huawei» ұялы телефонын жымқырып, шотынан 75 000 мың теңге ақшасын шешіп алған. Келтірілген шығын көлемі 125000 мың теңге. Оқиға орнына барған түлкібастық полицейлер күдіктінің ізіне, жүрген бағытына қарай аяқ басты. Көп кешікпей тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, бірге ішімдік ішкен кезде жәбірленушінің масаң күйін пайдаланған ер адам оның ұялы телефонын байқатпай әкетіп, шотындағы ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Ер адамнан қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.