ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН СОРА ТҮПТЕРІН ТӘРКІЛЕДІ

153

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті есірткі егу дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер, құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары шардаралық тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде есірткісіне ұқсас 9 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі түптері «сора» болып шықты.Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.