ТҮРКІСТАН: КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен жиын өтті. Басқосуда тарихи-мәдени маңызы зор Күлтөбе қалашығы аумағын абаттандыру мәселесі қаралды.

Жиынға жауапты басқарманың өкілдері мен сала мамандары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Terek Hub» ЖШС-ның жоба менеджері Диана Ахметжанова баяндама жасады. Ол өз сөзінде жоспарланған жұмыстар мен жобаның негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Жиын соңында өңір басшысы жауаптыларға абаттандыру жұмыстарына баса мән беруді және мерзімінде сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жұмыстардың барысын тұрақты бақылауда ұстауды жүктеді.

Айта кетсек, Түркістан қаласындағы Күлтөбе қалашығы алдағы уақытта таңдаулы туристік орындардың біріне айналмақ. Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Сан ғасырлық тарихы бар қалашық ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, жоба ЮНЕСКО қадалағауымен жүзеге асып жатыр.