ЖАРНАМА САЛАСЫНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі, сондай-ақ бизнесті қолдау және туризм бөлімдері тарапынан 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің талаптарына сәйкес жарнама саласындағы өзгерістер бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 654–655-баптарына сәйкес, қазіргі уақытта сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған ғимараттардың меншік иелері жарнама үшін төлемақы төлеушілер болып айқындалған.
Атап айтқанда, ғимараттардың қасбетінде, шатырында немесе өзге де құрылымдық бөліктерінде орналасқан жарнама объектілері үшін салықтық міндеттемелер тікелей ғимарат иесіне жүктеледі.
Осыған байланысты кәсіпкерлерді жаңа талаптармен мұқият танысып, жарнама объектілерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруге, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді белгіленген мерзімде және толық көлемде орындауға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау – қала сәулетін жақсартудың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті ашық әрі заңды жүргізудің маңызды кепілі болып табылады.








