АЯЛДАМАЛАРҒА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

16

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамаларының санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында күнделікті тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Қала аумағындағы барлық аялдама павильондары мен орындықтар жуылып, айналар мен басқа да құрылымдық элементтер тазартылды. Бұзылған немесе тозған жерлерді қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары да атқарылды.

Қазіргі уақытта қалада 438 қоғамдық көлік аялдамасы қызмет көрсетуде. Соңғы үш жылда әкімдіктің қолдауымен 374 жаңа үлгідегі аялдама орнатылған, ал алдағы уақытта қосымша 100 аялдаманы орнату жоспарлануда.

Әкімдік тарапынан атқарылып жатқан тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.