ӨНЕР ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНДЕ: ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ АРТИСІ РЕФЕРЕНДУМҒА МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

19

Шымкент қалалық опера және балет театры ғимаратында орналасқан №11 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі вокал және хореографиямен бірге өтті. Артистер референдумға келген тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, мәдени әсер қалдырды.

Бұл күні сахнада театрдың солистері мен балет труппасының қатысуымен он шақты қойылым көрсетілді. Репертуарға классикалық балет үзінділері, ұлттық композициялар, соның ішінде «Шашу» және «Көктем биі» сынды туындылар енді.

Учаскеге 1230 тұрғын тіркелген. Сағат 14.00-ге дейін 300-ден астам қала тұрғыны өз таңдауларын жасап үлгерді. Көпшілік дауыс беруді сахналық қойылыммен ұштастыра білді.

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, ҚР Халық әртісі Майра Мұхамедқызы тарихи сәттің маңыздылығын атап өтті:

«Қазақстанның болашағы мен өркендеуі үшін бұл үлкен қадам. Әрбір азамат референдумда өз дауысын беруі тиіс. Мен Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймын, әсіресе қазіргі күрделі кезеңде. Біздің бейбітшілігіміз бен көпұлтты бірлігіміз – басқалардың қызығушылығын тудырып, үлгі болып отыр. Бұл үлкен өзгерістер мен берік бейбітшіліктің бастауы деп сенемін, сондықтан дауыс беру әрбір азаматтың парызы», — деді Майра Мұхамедқызы.


ИСКУССТВО НА СЛУЖБЕ ОБЩЕСТВА: АРТИСТЫ ТЕАТРА ОПЕРЫ И БАЛЕТА ПОДДЕРЖАЛИ РЕФЕРЕНДУМ ПРАЗДНИЧНЫМ КОНЦЕРТОМ

В холле Шымкентского городского театра оперы и балета, где развернул свою работу избирательный участок №11, голосование сопровождалось вокалом и хореографией. Артисты создали праздничную атмосферу для жителей, пришедших принять участие в референдуме.

В программе было представлено около десяти номеров в исполнении солистов и балетной труппы театра, включая классические балетные фрагменты и национальные композиции, такие как «Шашу» и «Весенний танец».

На участке зарегистрировано 1230 человек. К 14:00 более 300 горожан уже сделали свой выбор, совмещая голосование с просмотром выступлений мастеров сцены.

Директор театра, народная артистка РК Майра Мухамедқызы, подчеркнула историческую значимость события:

«Для будущего и процветания Казахстана это огромный шаг. Каждый гражданин должен проголосовать на этом референдуме. Я полностью поддерживаю инициативы Главы государства, особенно в нынешнее непростое время. Наш мир и многонациональное единство вызывают восхищение и являются примером для других. Верю, что это начало больших перемен и прочного мира, поэтому участие в голосовании — долг каждого».