Мемлекеттен қолдау тауып, әлеуметтік ахуалын жақсартқан жан

316

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы қала тұрғындарына тиімді болып отыр. Бағдарламаның әсіресе, азаматтардың тұрмысын жақсартып, өз кәсіптерін ашуға, қайтарымсыз грант пен төмен пайыздық мөлшерлемемен берілетін шағын несиелер алып, істерін бастауға септігін тигізуінің маңызы зор.

«Еңбек» бағдарламасының маңыздылығын сезінген тұрғындардың бірі- Шымкенттік Венера Жамалова. Ол биылғы жылдың сәуіріне дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарында еді. Мемлекеттің уақытша көмегіне қол жаймай,бүгінде жұбайы тұрақты жұмысқа орналасуды жөн көрді. Нәтижесінде, бағдарлама аясында тапқан жұмыс орнында айлық көрсеткіші де жоғары болып, әлеуметтік жағдайды да тұрақталды.

— Мен 2020 жылдың маусым айынан биылғы жылдың сәуіріне дейін АӘК алып келдім. Қиын сәтте мемлекеттің осы көмегіннің арқасында отбасымызды асырауға, мүгедектігі бар баламның еміне де қаржылай көмек болды. Ал қазіргі уақытта жолдасым тұрақты жұмысқа орналасып, үй салуды да бастадық. Осындай көрсетілген көмекке алғысымызды білдіремін-дейді 34 жасар қала тұрғыны. 

Сонымен қатар, Венера биыл халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 21 күндік «Бизнес бастау» оқу курсына жолданып, қолына сертификатын да алып отыр. Алдағы уақытта қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінім беріп, өз кәсібін ашуға ниетті.