Тарихи-мәдени мұраларды насихаттауда туристік ақпараттық орталықтың маңызы зор
Шымкент қаласындағы туризм саласының дамуына тікелей жұмыс істейтін, туристерді тартып, қаламыздың иммиджі үшін түрлі шаралар ұйымдастыратын «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» жуырда ресми түрде келушілерін қабылдап, қаланың туристік әлеуетін арттыруда ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Орталықтың негізгі мақсаты – өңірде ішкі туризмді дамытып, туристік өнімдерді ілгерілету, қаланың тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету. Жалпы орталық жыл басынан бері, яғни 1 жарым айдың ішінде ақпараттық дүңгіршектер арқылы 128 адамға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетті. Оның ішінде Үндістан, Ресей, Өзбекстан сынды елдерден келген туристер де бар. Орталықта туристерді көптеп тартуда тәулік бойы Call-орталықта жұмыс жасап келеді.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Шымкент қаласында туристерге арналған «Visit-shymkent.kz» порталы мен мобильді қосымшасы іске қосылды. Портал мен қосымшада қала тұрғындары мен қонақтары мегаполис аумағында өтіп жатқан кез келген мерекелік іс-шарадан хабардар бола алады.