ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАП, ЖАУАПТЫЛАРМЕН АРАЛАП ЖҮРМІН.

Күні кеше Жаңа қала аумағындағы жуырда пайдалануға берілген «Миромон» мешітінде болып, мердігер мекеме жүргізіп жатқан түзету жұмыстарымен таныстым. Анықталған ескертулерге сәйкес суару жүйелері мен жаңбыр суын бұру желілері қайта жаңғыртылып жатыр.
Сонымен қатар, жазғы аптап ыстықта тұрғындар жиі баратын Ескек есу арнасына арнайы барып, қауіпсіздік, санитарлық тазалық және қоғамдық тәртіп мәселелерін бақыладым. Аумақ әрбір тұрғын үшін жайлы әрі қауіпсіз демалыс орны болуы қажет. Жабайы саудаға жол бермей, жағажай аумағын талапқа сай іске қосу және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейтудеміз.
Бүгінде Орта Азиядағы теңдессіз нысандардың бірі саналатын Ескек есу арнасы кешкі уақытта тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып келеді. Мұнда отбасылық серуендеуге де, спортпен айналысуға да барлық мүмкіндік қарастырылған. Баршаңызды осы ерекше демалыс аймағына келуге шақырамын. Сәйкесінше тазалығын сақтап, қауіпсіздік талаптарын бірге ұстансақ, қаламыз одан әрі көркейе түспек.








