Жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

97

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде «Қыран» ұлдар ұйымының жиналысы өтті. ДТІЖО Роза Серікқызы жиналысты ашып, оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережесін түсіндіріп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың, ерте жүктіліктің, зорлық зомбылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың және нашақорлықтың, панасыз қалудың, кибербуллингтің алдын алуға арналған кешенді іс-шаралар жоспарымен таныстырды. АӘД пәнінің мұғалімі Д. Сержан оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтап, құқықбұзушылыққа, әлімжеттіліктің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп инспекторы М. Елтаев жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмауы жайлы айтты. Мектебіміздің педагог-психологі Нұргүл Байсейтова оқушылармен психологиялық тренинг жұмыстарын жүргізді.