Кітап оқу- рухани кемелденудің көзі

460

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 кітап», «Оқуға құштар мектеп» жобалары ясында Шымкент қаласы №52 мектеп -лицейінде оқылатын еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, Qazaqsha 100 bestseller сериясы бойынша жарық көрген әлем әдебиеті жауһарларының кітаптарын, қазіргі заман ақын- жазушылары кітаптарын оқу бойынша ұстаздар арасында «Табысты оқу», оқушылар арасында «Кел, балалар, оқылық!»  20 минуттық кітап оқу шарасы жалғасын табуда.

Ісшараның мақсаты — оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында, кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру. Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да кітап екені ақиқат.