Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда қала жастары белсенді болмақ

416

Шымкентте мегаполисте жастардың саны басым. Еліміздің келешегі жастардың қолында десек, қала жастарының қоғамдық өмірге белсене атсалысып, қашанда игілікті істердің басы-қасында табылады. Қаладағы осынау жастардың басын бір арнаға тоғыстыратын Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының жұмысын ерекше атауға болады. «Жастар рессурстық орталығының қызметкерлері мен қала жастары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2021 жылғы халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдады.

Президентіміздің жаңа жылға жоспарларын жүзеге асыруда жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы, талантты жастарды қолдау мәселелері сонымен қатар ұлт зиялыларын қолдап сол арқылы жастардың бойына Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту жайында атап өтті. Мемлекет басшының жолдауына қала жастары айрықша қолдау білдіріп, жолдауда жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда белсенді болмақ. Ел Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы елімізді жаңа белестер жетелеп, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосатын тың жобалардың жүзеге асады деп білеміз дейді қала жастары. Жолдауды қала жастарына насихаттауда жүйелі жұмыстарды атқара бермек!