БАҒДАРШАМДАР ОРНАТЫЛЫП, ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ СЫЗЫЛДЫ
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада 1 059 шақырымнан астам автокөлік жолына асфальт төселіп, көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 100 пайызға жектен еді. 2025 жылы 201 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылып, 2 291 көшеге түнгі жарық шамдар орнатылған, нәтижесінде көшелерді жарықтандыру үлесі 100 % қамтылды. 1 000 шақырым жол таңбалары сызылып, 100 шақырым тротуар салынды. 310 дана жол құдықшалары ауыстырылып, 32 бағдаршам нысаны орнатылды. 98 бағдаршам нысаны интелектуалды көлік жүйесіне қосылды (ITS).
Басқарманың мәліметінше, қала аумағында жалпы 395 бағдаршам нысаны бар, оның 346-ы интеллектуалды көлік жүйесіне қосылған (ITS), яғни аталған жүйемен қамту көрсеткіші 88 %-ды құрайды. Иә, шаһарда көшелерді күтіп ұстау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Мәселен, 2026 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар орындалды. Атап айтқанда, 25 000 шаршы метр шұңқырларды жамау, 2 647 жол белгілерін орнату, 157 орында жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру, 49 аялдама орнату, 13 көшеде аяқжолдарды жарықтандыру, 3 орында бағдаршам нысандарын орнату, 7,8 шақырым тротуар орнату және жөндеу, 7 орында оң жақ өткел және сол жақ бұрылыстар салу жұмыстары орындалған. Сондай-ақ, 11 көшеде ирригациялық арық жүйесін жүргізу, 69 дана жол құдықшаларын орнату, 150 шақырым жол таңбаларын жаңарту (сызу), 499 метр жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары іске асырылған.
Қала аумағында 2016 жылдан бері жаңартылмаған тоқтаусыз қуат беретін батареялар 24 орында қайта жаңартылып, 72 бағдаршам нысанына жаңадан орнатылған еді. Нәтижесінде, жалпы 96 бағдаршам нысаны тоқтаусыз қуат беретін батареялармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, биыл 15 бағдаршам нысанын тоқтаусыз қуат беретін батареялармен қамтамасыз ету жоспарлануда.













