№1 клиникалық ауруханада 200-ге жуық бүйрек пен бауыр трансплантациясы жасалған

420

Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханада 2014 жылдан бері трансплантация жасалып келеді. Бүгінге дейін емдеу орталығының білікті дәрігерлері 172 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасын жасаған. 2019 жылы А.Донбай бастаған клиникалық аурухананың трансплантолог дәрігерлері бауыр трансплантациясы отасын 5 сағат 48 минутта жасап, Қазақстандық рекордты жаңартқан болатын.

Тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана 520 төсек орынға есептелген. Бұдан басқа, шілде айынан бастап аурухана базасында 170 орынға арналған инфекциялық стационар ашылған.

Бүгінде мұндағы қабылдау бөліміне күнделікті 350-ден аса науқас медициналық көмекке жүгінеді екен. Ал, күту залындағы науқастың туыстары камера арқылы қабылдау бөліміндегі науқастың жағдайын бақылай алады.

Жалпы ауруханада хирургиялық, нейрохирургия, урология, отолорингология сынды 22 бөлімше мен инсульт орталығы, КТ, МРТ және ангиогроф кабинеттері бар.

Бүгінгі таңда аурухана қызметкерлері 2019 жылдың II тоқсанында іске қосылған «DamuMed» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуде. Компьютерлер саны-299, планшеттер-10.