Шымкент: өткен тәулікте 8129 адам екпе салдырды

365

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясына қарсы 8129 адам вакцина салдырды: I компонент — 2673, II компонент — 5456. Егу науқаны басталғалы барлығы 365 473 адам вакциналанды. Оның ішінде 267 611 адам вакцинаның екі компонентін алды.

30 шілде күні КВИ-дің 477 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 395, белгілері жоқ – 82). 239 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 238 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 106 орын бар. Төсек-орын толымдығы 75 %-ды құрайды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 689 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.