ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ БАСТАМАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

205

2024 жылға арналған барлық саладағы іс-шара жоспарларын талқылау мақсатында аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.

Жиынның күн тәртібінде осы жылға арналған қаржыландыру жоспары және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту, аудан әкімінің жеке қабылдауында көтерілген мәселелердің орындалу барысы, аудан басшысының тұрғындармен кездесуінде түскен ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы қаралды.

Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдердің өткізілуі бойынша есебінде аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Қараспан ауылдық округі әкіміне жұмысты жеделдетуді айтты. Жәнеде биылғы мемлекеттік сатып алулар бойынша жоспарын енгізбеген Төрткүл әкімдігі мен бірқатар коммуналдық мемкемелерге, даму жоспары ЕССО бағдарламасына енгізілмеген «Ордабасы су шаруашалығы» мекемесіне ескерту жасалды.

Аудан әкімі аппаратының Жалпы және әкімшілік бөлімінің басшысы Арыслан Нуриддинов аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауына көтерілген мәселелердің орындалуына тоқтады.

Бөлім басшысының хабарлауынша 2023 жылдың 17-тамызынан 29-желтоқсанына дейін аудан әкімінің жеке қабылдауы 10 рет өткізіліп, жалпы 61 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылдауда болған. 20-дан астам тапсырма орындалып, 33 өтінішке түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Алайда Бадам, Бөржар, Қараспан, Қажымұқан ауылдық округтерінен келіп түскен өтініштердің орындалуы бойынша мәлімет берілмегендігін айтып өтті.

Аудан әкімі округ әкімдері мен салалық бөлімдерге Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде ауыл тұрғындардың өтініш-талаптарын орындауды басты орынға қоюды тапсырды.

Сондай-ақ, мәжілісте аудан әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Марат Туреев аудан әкімінің тұрғындармен кездесуде түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуы барысы нақты слайд арқылы баяндама жасады.

Бөлім басшысы өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік, коммуналдық, аграрлық салалар бойынша округ әкімдігі, бөлімдер тарапынан ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы нақты жұмыстар жүргізілмегендігін, дер кезінде ақпарат берілмегендігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде аудан әкімі жеке қабылдаулар, тұрғындармен кездесулерде берілген тапсырмаларды орындау тікелей жауапты мекеменің жұмыс көрсеткішіне әсер ететіндігін ескертті.

Аудан әкімі мекемедегі әр маман өз жұмысына деген жауапкершілікті сезініп жұмыс істегенде ғана ауданның түрлі саладағы көрсеткіші жоғары болатындығын қатаң ескертті.

Жиын барысында аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға тоқталып, сала жауаптыларына апта ішінде «Қызыл нүктелер» бойынша нақты талдау, саралау жүргізіп, жиналыс ұйымдастыруды жүктеді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі