«Қайырымды істер марафоны» жалғасуда

366

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 тамыз күні Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қайырымды істер марафоны» жобасының «Жанға жылу» акциясы аясында еріктілері тыл ардагерлеріне азық-түлік себеттерін үлестірді.

Шараның мақсаты ардагерлер мен жастарды байланыстыру, патриоттық тәрбиені нығайту, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қалыптастыру.

Қайырымдылық шараға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС — ГП Шымкент бөлімі филиалының жастары қолдау көрсетті.