Дәстүрім — асыл қазынам

342

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын ұсынады. Жобада ұлттық құндылықтарымыз ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміз қайта ұлықталады.

«Дәстүрім – асыл қазынам» жобасының бүгінгі тақырыбы «Қызды оң босағаға шығару» дәстүрі. Ата-бабамыз қыз баласының тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Отбасында ерке өскен бойжеткенді бәлиғат жасқа толып, оң солын таныған шағында ата-анасы дәстүр бойынша оң босағаға отырғызып, ересек санаған. Ондағы мақсат: өсімтал ұрпаққа ұлттық тәлім тәрбиені бойына сіңіріп, тәрбие беру. Қыздың ата-анасы үйінің он босағасынан орын беріп өзіне тиесілі киім-кешек, көрпе жастығы мен жатын орнына шымылдық құрып көлегейлеп, бөлектеп тәрбиелеген. Бұл «қызды оң босағаға отырғызу» деп аталған. Ал оны бүркеп, көлегейлеп тұрған үлкен перде «шымылдық», ал шымылдық ішіндегі қыздың орны «көсеге» делінген. Қыз бойжетіп ұзатылғанда, көсегесін жасауымен бірге алып кетеді. Халықтық бата-тілектерде айтылатын «көсегең көгерсін» деген сөз осыдан шыққаны анық.

«Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын күнделікті әлеуметтік желі парақшаларымызда (инстаграм: salt_dastur_ortalygy, shymqala.etnoauyl, фейсбук: Салт-дәстүр орталығы) тамашалай аласыздар.

Бейнероликтің мәтінін жазған – Тастанова Айгерім

Монтаж жасаған – Муслимов Бейбітжан

Дыбыстаған — Муслимов Бейбітжан