«Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» семинар-тренингі өтті

373

Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» тақырыбында өңірлік жобалық кеңсе мамандары мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінне арналған семинар-тренинг өтті.

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы — Боқанова Жанар Қалиқанқызы, «ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» орталығының жетекші менеджері Абишев Төлеу Рыспекұлының қатысуымен Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» тақырыбында өңірлік жобалық офистерге (ӨЖО) және мемлекеттік органдардың бағдарламаға жауапты қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Мақсаты: «Рухани жаңғыру» аясында «Үздік жобалар жинағын» әзірлеу, өңірлік жобалық кеңселерге әдістемелік көмек көрсету.