ӨЛКЕНІҢ АҚЫН ҰЛЫ

821
Әбілда Аймақ 1954 жыл­ғы 13-сәуірде Ынталы ауы­лында туылған. Сол кездегі «Коммунизм» сегізжылдық мектебін бітірген соң Қа­жы­мұқан атындағы кең­шарда мақ­талықта сушы, дала қо­сында соқа тіркеуші, трак­торшы болды, қой да бақты. Сөйтіп жүріп Те­мір­ландағы сырттан оқы­татын орта мектепті бітірді.
1970 жылы Шымкенттегі музыкалық училищеге оқуға түсті. Училищеде екі жыл оқып, тұрмыстың тар­шы­лы­ғынан оқуын тастап кетеді. 1972-1980 жылдары бұрын­ғы Бөген аудандық мә­де­ниет бө­лімінде автоклуб мең­­геру­шісі, әнші болып қыз­мет атқарған.
1980 жылдан 1990 жыл­ға дейін Шымкент қа­ла­сындағы «Шымкент­құры­лыс» тресіне қарасты «Мо­но­лит­ті­құ­ры­лыс» бас­қар­масында бе­тоншы, тас қа­лаушы болып жұмыс істеді.
1984 жылы алғашқы бір бас­па табақ өлеңі Ал­ма­тыдан «Қарлығаш» деген атпен жарыққа шықты. Жал­пы шығармашылық жұмысы 1972 жылдан басталатын ақын­ның өлеңдері ау­дан­дық, облыстық, рес­публи­калық басылымдарда жиі жа­рия­ланып, елге танылып қал­ған еді.
1986 жылы Шымкенттегі пе­­дагогикалық институттың фи­­­лология факультетіне сырт­­­­тай оқуға түсіп, 1991 жы­лы қазақ тілі мен әдебиеті пә­ні­­нің мұғалімі маман­ды­ғын алып шықты. Әбілда се­гіз­жыл­дық мектептен кейін­гі оқу­­­дың бәрін сырттай бітір­ген.
Қазақстан Жазушылар ода­ғы облысаралық бөлім­шесінің жауапты хатшысы, жазушы Мархабат Байғұт 1990 жылы Әбілданы өзіне қызметке шақырады. Осы бөлімшеге әдеби кеңесші бо­лып қызметке келген Әбілда Аймақ 1993 жылдан осы бөлімшенің төрағасы, 1996 жылдан филиал болып қай­та құрылған Қазақстан Жа­зушылар одағы об­лыс­тық фи­­лиалының ди­рек­торы қыз­метін атқарды.
Әбілда Аймақтың «Қар­лығаш», «Мерейлі мекен», «Ләй­­ла», «Жүрегімде ма­хаб­­бат», «Алтын бесік – І», «Ал­тын бесік – ІІ», «Түр­кіс­тан», «Жақсығұл мерген», «Би­­лік биігінде», «Ақжол», «До­малақ ана кесенесі», “Па­­расат биігі» кітаптары, сон­­дай-ақ 2003 жылы екі том­­дық таңдамалылар жи­на­ғы жарық­қа шыққан.­ 2009 жы­лы «Жа­­зушы» баспа­сы­нан «Наз­қоңыр» ат­ты өлең­дер жи­нағы шық­ты. 2011 жы­лы Ж.Шанин атындағы қа­зақ дра­ма теат­рын­да Ә. Ай­ма­қ­тың «Шәм­шінің сағы­ны­шы» атты дра­масы табы­сты өт­ті.
1993 жылы республика ақындары қатысқан, Ал­ма­тыда өткен жабық конкурста бас жүлдені иеленді. 1995 жы­лы облыс ақындары ара­сында өткен мүшәйрада бас жүлде алды. 2003 жылы Фра­нцияда өткен Бүкіл Түр­кі дү­ниесі әдебиетінің фору­мы­на қатысты. 2004 жылы Түр­кияда өткен Түркі ха­лық­тары ақындарының жабық конкур­сында Халық­аралық Фи­зули атын­дағы сый­­лық­тың лау­реаты атан­ды. 2013 жылы респуб­ли­ка­­лық «Ай­ғақ» га­зеті жа­рия­лаған жа­зушы Оралхан Бө­кей атын­дағы әде­би бай­қау­дың бас жүл­десін алды.
Жуырда аудандық та­ри­хи-өлкетану музейінде ақын­­­ды еске алу іс-шарасы аз ғана қонақтармен онлайн түрінде өткізілді. Музейде ақын­ға тұрақты тұратын «Өл­­­кенің ақын ұлы» атты стенд жасалды.
Оқырмандарға ақынның бір өлеңін ұсынып отырмыз.
***
Өзіңді көрмегел шырағым-ау,
Көзімді боталатып жыладым-ау.
Қарадым қара қошқыл бұлттарға
Нанбасаң, көк аспаннан сұра мынау.
Сұрашы зікір салған кептерлерден,
Оларға шағынып ем жеткен желден.
Артыма жаутаңдадым амалым жоқ.
Өзіңе қош айтысып кеткенде елден.
Тоғайдың сырға таққан шеңгелдері,
Көгеріп қалып еді сен келгелі.
Телмірдім соларға да сырымды айтып
Белгісіз жек көргені, жөн көргені.
Осы ма жылуы жоқ күз дегені,
Тентек жел жапырағын түзген еді.
Сағынсаң ысып-жанып, есің кетіп
Арыстың толқынынан ізде мені.
Мәдина ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ,
Ордабасы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.