Тұрғындар көтерген мәселе басты назарда

418

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандары мен спорттық алаңшаларға, сондай-ақ, қаланы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге қатысты болды.

Мәселе дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы басқарма басшыларына тұрғындарға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, орындалуы тиіс шараларды уақыт созбай қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.

Тұрғындар қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын ала жазылған.