Тойханаларға мониторинг жұмыстары күшейтілді

421

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағында орналасқан барлық тойханаларда той өткізбеу шараларын қатаң қадағалауда.

Осыған орай аудан әкімі Б.Парманов Қызылжар (Коммунизм), Қатынкөпір, Ынтымақ шағынаудандарында және Темірлан тас жолы, А-2 тас жолы, Жиделібайсын көшелері бойындағы тойханаларға бақылау жасап, карантин талаптарының орындалуын тексерді.