Білім беру ұйымдары «Ashyq» жобасына қосылды

464

Еліміздегі COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, Шымкент қаласындағы 785 білім беру ұйымдарының педагогтары100% вакциналаудан өтті. 106.0 млн тг-ге санитарлық гигиеналық жабдықтар алынды. Білім беру ұйымдарында ата-аналар арасында балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вакциналаудан өту қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, барлық мемлекеттік білім мекемелеріне бүгінгі таңда «Ashyq» жүйесі арқылы кіріп-шығу жүзеге асырылды. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100%-ы QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істеуге дайын. Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алу тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін QR-кодын сканерлеу қажет. Экранда статус көк, жасыл, қызыл немесе сары көрінеді.