МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

55

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектердің амандандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы екендігі жөнінде ақпараттарды ұсынамыз.

Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат оларды қоғаммен ықпалдастыруға бағытталған. Мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген толық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарға, сонымен бірге, білім алуға, қызмет түрін, оның ішінде еңбек қызметін еркін таңдауға ие. Жұмыс беруші кәсіпорындарды тексеру барысында мүгедек қызметшіге қатысты еңбек заңнамасын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыс беруші мен мүгедектігі бар қызметшілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуші негізгі қағидалар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қамтылған. Мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.

Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін немесе оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.Жұмысты нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режімі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ,тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды.

Мүгедектер еңбегін ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.Жұмыс істеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде, сондай-ақ, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленген қосымша кепілдіктер берілуі мүмкін.Жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген мүгедектердің толық емес жұмыс уақыты, жүктемені азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық қорытындыларды орындауға міндетті.Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді. Олардың күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.

Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мұндай жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі.