ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ СОТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ.

156

Іс-шараға Түлкібас аудандық сотының төраға м.а. Б.Турабай, Түлкібас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы С.Айдархан, Түлкібас аудандық адвокаттар кеңсесінің адвокаты А.Аяпбергенова, Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясының өкілдері – Қ.Сексенбаев, А.Сламаддинов, жеке нотариус А.Ескермесова, Е.Алимов, Ж.Исахова және «Шамшырақ» газетінің тілшісі қатысты.

Іс-шара барысында, сөз кезегін алған мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы С.Айдархан өз сөзінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздері, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, оны тоқтату, сондай-ақ, рәсімді аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босатуы жайлы және осы жұмыс мемлекеттік кірістер департаментінде қалай жүріп жатқаны туралы айтып өтті.

Төрағалық етуші Б.Турабай жаңа заң бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздерін, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау салдары, рәсімді тоқтату, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімді қабылдау мәселелерін талқылап, қатысушыларға түсіндірмелер берді.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа заңнама аясында туындаған сұрақтарын ортаға салып, өзара пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Іс-шараны қорытындылап, қатысушылар тарапынан  алдағы уақытта осы бағытта азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру қажеттігі туралы ортақ пікір айтылды.

Қайнар: 

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі