“ОТЫРАР АЛҚАБЫ” ГАЗЕТІ АУКЦИОНМЕН 11 777 777 ТЕҢГЕГЕ САТЫЛДЫ

1475

Аукционға 4 адам қатысты. Тендердегі бастапқы баға 687000 теңге болып белгіленген еді. Өз ара бәсекеде “Отырар алқабы” газетін кейін сатып алу құқымен бұрынғы бас редактор, марқұм Төпен ағамыздың ұлы ұзақ жылдан бері осы газеттің дизайнер-беттеушісі қызметін атқарып келе жатқан ініміз Әмірбеков Азат Төпенұлы 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға 11 777 777 теңгеге ұтып алды. Ауданның айнасына алған ”Отырар алқабы” газеті алдыңғы буын ағалармен ақылдаса отырып, болашақта жаңаша леппен өз оқырманына қызмет етеді деп сенемін. Құтты басылым болсын!
“ARA-ақпарат”