ШЫМКЕНТТЕ 6 ЖЕРДЕ КӨМІР САТУ ОРЫНДАРЫ БАР

470
Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1908-сі, яғни 98% жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.
Орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған елдімекен тұрғындары жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Алайда, қалаға көмір тасымалдаушы мекемелердің («Насыров» ЖК, «Қосжанов» ЖК, «Азамат мұнай» ЖШС, «COALBAG» ЖК, «Қазығұрт» ЖК) қоймасында 35 мың тоннадан астам көмір бар. Тұрғындардың қажеттілігіне қарай көмір тасымалданатын болады. 1 тонна көмірдің бағасы 9500 — 15 000 теңге аралығында.
Қала тұрғындарына көмірді алдын ала сатып алуды сұраймыз. Күн суығанда көмірді азаматтардың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезек көбеюі мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін қыркүйек айынан бастап тұрғындарды көмір сатып алуға шақырамыз.
Шымкенттіктер биыл көмірді 6 жерден сатып ала алады. Қатты отынды сақтау және тарату орындарының үшеуі Достық тұрғын алабы Яссауи көшесінде орналасқан. Сонымен бірге, Қызылсай тұрғын алабы Жібек жолы көшесінде, Қойкелді батыр көшесі және Клара Цеткин көшесінде бар.