ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

409
Есімхан Келдебек Қажымұқан ауыл округіне қа­расты Амангелді елді меке­нінің тумасы. Әкесі Өмір­зақ Қажымұқан кеңшарында талай жыл механиза­тор болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шық­қан. Келдебек жастай әкесінің қасында жүріп, техникаға бейім болып өсті.
Мек­теп бітірген соң әке жолын қуып темір тұлпардың жүргізушісі куәлігін алып, 25 жылдан бері елге қызмет жасауда. Қаз­іргі кезде “Темірлан” абаттандыру меке­месінде LW300FN жүк тиегіш жүргізушісі болып жұмыс істейді.
– Мен бұл техниканы меңгергеніме өкінбеймін. Өзіме ұнайды. Осы жұмы­сым арқылы отбасымды асырап жүр­мін. Ауданға қарасты мекемелерде, жол­дарда қандай да бір жұмыстар бол­са барып істейміз, – дейді, Келдебек Өмірзақұлы.