ЖАЙНА ШЕКЕРБЕКОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

314

Бокстан Ыстамбұлда (Түркия) әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жартылай финалдық жекпе-жекте шымкенттік боксшы қола жүлдеге ие болды.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Жайна Шекербекова 1/2 финалда таиландтық Джутамас Джитпонгпен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Джутамастың пайдасына аяқталды.

Осылайша Жайна Шекербекова 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмай, қола жүлде иегері атанды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk