ЖАҢА ШАҒЫНАУДАННЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАСТЫ НАЗАРДА

885

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Тұран» шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары бойынша жауапты сала басшыларымен кезекті жиын өтті.

Жаңа шағынауданның тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ең алдымен мұнда инженерлік инфрақұрылым жұмыстары сапалы болу қажет екенін айтқан қала басшысы сала жетекшілеріне әлеуметтік және тұрғын үй обьектілерінің құрылыс сапасын да қатаң бақылауға алуды айтты.

Шағын аудандағы ішкі орамдарда электр желісі, су жүйесі, жылу жүйесі мен кәріз жүесі сынды инженерлік инфрақұрылым жұмыстары толығымен аяқталған. Аталған орамдардағы инженерлік инфрақұрылым құрылысын мердігер мекеме «Build Stroy» ЖШС-гі жүргізген.

Бүгінгі таңда жаңа құрылыс алаңында асфальт төсеу жұмыстары мен электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.