ӨТКЕН ҒАСЫР ТАРАЗЫСЫ – МУЗЕЙ ЖӘДІГЕРІ

972
Шымкенттен келе жатқан даң­ғыл жолдың Темірлан ауы­лына кіре­бері­сінен солға қа­рай бұрылып, 1 шақы­рым­дай жол жүрсеңіз, асфаль­ты­ңыз аз ғана төмендегендей көрі­нетін тұсынан «Ынталы» деп ата­латын шағын ауыл баста­лып кетеді.
Бұрын бос жата­тын, бос жататын дейміз-ау, мақталық болған жерге қазір тұрғын үйлер салынып, екі ауыл біріге түскен. Оған дейін орналасқан ауыл тұрғындары темірландықтар делін­се, әри­не, одан ары қарай қоныс­танғандар ынталылықтар бо­лады да. Дәл осы шека­ра­ның басталған тұсының екін­ші үйінде кезінде жақсы атымен елге белгілі болған Әбілдә қарияның үрім-бұтағы тұра­ды.
Жақында біздің музейімізге осы Әбілдә әулетінің қара шаңырағына қазір ие болып отырған немересі Төленді қажы Елібайұлының үйінен темір таразы әкелінді. Әрине, күн­де­лік­ті өмірде өте көп па­йда­л­а­ны­латын таразыны білмейтін адам жоқ қой, сірә. Қазір дүкен мен базардың бәрінде электронды таразы, оны да жақсы білеміз. Кейбір дереккөздерге жүгінсек, тұрмыстық таразының серіппелі және иінді түрлері өте көп тараған секілді. Әрине, серіппелі тара­зы­ны қазір де көріп жүрміз.
Оны кө­бі­н­есе өз бақшасының азын-аулақ өнімін базарға шығарып сататындар қолданады. Гір тасын қойып, сатылатын затты теңес­ті­ріп, грамына дейін көрсететін та­разы да жәйлап қолданыстан шығып жатқандай. Себебі, техно­ло­гия өзгерді. Электронды тар­а­зы­лар көбейді, тіпті соны қою мін­деттеліп те отыр емес пе?!
«Таразыдан жеу» деген де сөз бар халық арасында. Әрине са­ту­шыға да, алушыға да ұнамайт­ын сөз. Базарға бара қалсаңыз, «ме­нікі электронды таразы, бір гр­амыңды да жемеймін» дейтіндер де табылады.
Ал, мына таразы (суреттегі) біздің осы білетіндермізден мүл­де басқаша. Көненің көзіндей бол­ған бұл құрал өзіндік ерек­шелігі­мен қызықтырды.
Темірден жа­салған қос табақшасы бар. Оны те­­ңес­тіріп отыру үшін сол табақ­ша­ға үш жерінен тесіп, жіп бай­лан­ған. Сол жіптер (гір мен са­лын­ған затты көтере алатындай мық­ты болуы керек) түйіскен жер­ден жалғанып, екі табақты қатар көтере алатындай қалың­дық­­тағы көлденең темір таяқша ор­натылған.
Сол темір таяқша­ның қақ ортасына тағы да тігінен ұс­тап тұратын мықты темір бар. Яғни, сол темірді жоғары көте­рсеңіз, таразыңыз өз міндетін атқарады.
-Есімді білгелі осы таразыны көріп өстім. Марқұм атам Әбілдә 1890 жылғы еді. Мен оң-солымды тани бастағанда атам жалғыз ұлынан тараған алты немересінің қамын ойлап, тынымсыз шапқылап жүретін.
Мал базардан уақ мал әкеліп, оны кү­тіп-баптап, жемдеп, бірнеше ап­та­дан кейін қайта сататын. Орнына та­ғы әкеледі. Қазір ойлап отырсам, сол кезеңнің кәсіпкері екен ғой. Әйтеуір күнде демейін, апта сайын қой сойы­латын десем, өтірік емес. Қара қазан бұрқылдап қайнап, ішінде ет пісіп жа­татын. Кейде «күнде ет асыл­ғанша, бір мезгіл картоп қуырылса екен» де­ген балаң ойымыз да қылаң беретін.
Ал қысқы соғымға міндетті түрде ірі қа­ра сойылады. Қазіргілер біле ме, жоқ па, «деңгенеге мал сойдық» деген тіркесті жиі естіп өстік. Қазір оны біз «жілікке ет алдық» деп жүрміз ғой.
Сексен жеті жыл ғұмыр кешіп, ақыл-есінен айнымай, бойын тік ұс­тап, кәрілікті жеңе білген атамның кө­зіндей болған көне таразыны му­зейге қойғаным орынды деп ой­лаймын, — дейді бізбен әңгімесінде жет­­пістің үстіне шыққан ақ сақалды қариямыз.
Анықтап қарасаңыз, темір табақ­ша тозыңқыраған, бұрынғысынан әлдеқайда жұқарғаны көрініп тұр. Темір болған соң біршама тот басқан. Бір кіләлік гір тасы да сақталыпты.
Өткен ғасырларда өлшеуіш құра­лы болған таразының музей жәді­ге­рі­не айналғанына біз де қуаныш­ты­мыз. Өскелең ұрпақ ата-бабасының күн­­­делікті өмірінде тұтынған затын жә­­­­дігер ретінде сақтай білсек, бо­ла­шақ­­қа бұл да бір өнеге болмақ дей­міз.
Кәусар ЖҰМАТАЕВА,
Ордабасы аудандық тарихи-өлкетану
музейінің экскурсия жүргізушісі.