МЕНІҢ ӘКЕМ

612
Өткен жылғы 6 қыркүйекте əкеміз Ор­­дабек Жол­шыбек­ұлы бұл дүниеден өтіп, ба­­қи­лық болды. Асқар тауы­мыз болған əкеміз­ден, анам өмірлік қосағы­нан ай­рыл­ды. Орны ойсы­рап қал­ды. Біз үшін жақсы əке, анама сүйікті жар, неме­е­ле­рін ерке­леткен ата, бауыр­ла­рына арқа сүйер аға, қайын жұртына сыйлы жезде, туған жері мен елі үшін туылған ер бол-ды. Əкемнің қазасына ке­лушілер: «100 жылда бір туар қа­сиетті жақсы адам­ ғой, Орекең» деген шы­найы жоқтау сөздерін айтты. Бұл сөздер əкеме ла­йықты. Оның тұлғасы биік, бойында асыл қасиеттер көп бол­ды. Осын­дай ер тұлға­сының қалып­та­суы мен өмір та­рихына тоқ­талсақ.
Əкем Ордабек 1951 жылғы 20 мамырда Ұялыжар ауылында, атам — Жолшыбек пен апам — Патшайымның отбасында дүниеге кел­ген. 1957-1967 жылдар аралығында Абай атындағы орта мектепте білім алды. Ордабек Жолшыбекұлы мектептегі ең үздік оқушылардың бірі болды, сабақты зор ын­та-ықыласпен оқыды.1968 жылы Ванновка Гидромелиорация техникумына оқуға түсіп, осы аталған білім ордасын «гидро­ме­лио­рация» мамандығы бойынша 1971 жылы аяқтап, техник-гидротехник біліктілігін алды.
1983 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Ауыл шаруа­шы­лы­ғы инсти­ту­ты­на тү­сіп, 1988 жы­­лы осы атал­ған жо­ға­ры білім ор­­да­сын «аг­­роно­мия» бойын­­­ша та­­быс­ты аяқ­­тап, «Ға­­лым аг­ро­ном» ма­ман­д­ығын ал­ды.
Еңбек жо­лын 1967 жылы туыл­­­ған ауы­­лында, «Бөр­­­жар» кең­ша­рын­да қа­тар­дағы құ­ры­­лыс­­­шы­лық­тан бас­­тады. 1971 жы­лы осы ұжым­­­­ның бас ин­­же­нер-гид­­­­­ро­­­­­-т­ех­­ни­­гі, ал 1972-1981 жыл­дар ара­лы­­­ғында Арыс су­лан­­дыру жүйе­­сінде аға инже­нер, бөлімше бас­тығы қыз­­меттерін атқарды.
1981 жыл­дан 1993 жылдар ара­лы­ғын­да Киров атындағы қал­қоз­дың, кейін­­нен «Ақ-Бұлақ» ұжым­­шары­ның бас инженер-гидро­­-тех­­нигі, 1993-1996 жылдар ара­лы­ғын­­да бас агроном, «Ұялы­жар» өнді­ріс­тік ко­опе­­ра­тивінің бас инженер гид­ротехнигі. «Ораз» ша­руа қожалығының төр­ағасы, Бөр­жар ауыл округі əкімі аппа­рат­ының бас ма­ман-жер инс­пекторы, Ұял­ыжар ауылдық ок­ру­гінде əкім орын­басары, зейнеткерлік дем­алыс­қа шық­қаннан кейін “Ордабасы-құс” кə­сiп­ор­нын­да бас гид­ротех­ник лауа­зы-мында ең­­бек етті.
Жолшыбеков Ордабек өз еңбек жолын­да астық өсіру мен жинау науқан­дарында таң атқаннан күн батқанға дейін егіс ал­қабынан табылды. Қамбаға құйылған ас­тықта оның еңбек үлесі зор еді.
Тұған ауылы Ұялыжарда жүргізілген игі бастамалардың басында жүрді. Әрдайым тұрғындар игілігі үшін қызу еңбек етті. Əсіресе оның біліктілігі арқасында маман­дармен бірлесе отырып “Таза су” бағдар­ламасы бойынша 6 ауылдың су жүйесi ойдағыдай жаңартылды, ауыз су мəселесі шешімін тапты. Ұялыжар, Ын­тымақ ауылдарына газ құбырларының тартылу жұмысын тікелей ұйым­дасты­рушысы болды.
Қаншама жылдар шешіл­меген, ауыл халқы сарыла күткен газ да дəл осы Орекең əкім орынбасары қызметін атқарған тұста пайдалануға берiледi. Өйткені ол туған ауылының мұң- мұқтажын басқалар­дан да жақсы білді, сондықтан шешімін табуға қолынан келгенше өз үлесін қосты.
Әкем Ордабек Қазақстан Тұңғыш Пре­зи­дентінің «Тəуелсіздіктің 20 жылдығы» жə­не Оңтүстік Қазақстан облысы. «Qurmet-AB» қоғамдық бірлестігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Ау­дан əкімшілігінің, облыс маслихатының, «Нұр Отан» партиясының бірнеше мадақ­тау­­лары бар. Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төс бел­гісі берілді.
Əкеміз еңбекке өте жас араласты. Қандай қызмет атқармасын, аса жауап-кершілікпен, зор еңбекқорлықпен жұмыс істеді.
Нағыз кəсіпқой маман, еңбексүйгіш жан. Таң атқаннан күн батқанға дейін егіс даласының басында жүріп, əсіресе, науқан кезінде үй бетін көрмейтін. Үйге келген соң сол жұмыстарының есеп-қисабын, сызба-карталарын жасайтын. Аудан бойынша жер өлшеу мен картографиясын жасау бойын­ша ең үздік маман болғандықтан əкемізден көмек сұрап ауданнан адамдар жиі келетін. Жұмысқа бір шағымданып, жұмысын сөккенін естімеппіз, мидай ыстықта да егіс алқабында жүретін.
Əкем қанша еңбек етсе де міндет еткенді білген емес.
Қанша басқарушылық лауазымдар атқарса да кішіпейілдігін сақтап, қара­пайым болып қала берді. Қолынан келгенше көмектесіп, қолда барын бəрімен бөлісетін. Қолы да ашық, жаны да жомарт, әкемнің жерге сіңірген еңбегі, төккен маңдай тері, адал қызметі бағаланып, ауданымыздың Құрметті азаматы болғаны дамылсыз ең­бегінің, адамгершілік қасиеттерінің арқасы.
1971 жылы анамыз Құралай Қадірқұл қы­­зымен отбасын құрып, екі ұл, төрт қыз тəр­биелеп өсірді. Бəрі де жоғарғы білімді. Не­мерелері атасының жылы алақанымен өсті.
Жұбайы Құралай денсаулық жəне білім саласында көп жылдар қызмет атқарған. 20 жылдан астам «Бөржар» кеңшарының орта­лығындағы «Айгүл» бала бақшасының мең­герушісі қызметін атқарды жəне ауыл­дағы қоғамдық шараларға да белсенді қатысты. Биыл шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болар еді. Алтын тойымызды жасай­мыз, Құдай қаласа, 70 – жасымды атап өтер­­міз деген арманы болған еді.
Басқа­ру­шы, білікті маман болса да менмендік пен тə­кап­пар­лықты білмеген, кісіні бөлмей, бі­рін бауыр, бірін дос көрген, үлкенге құрмет-кішіге ізет көрсетуден таймаған жан еді. Кісі сыртынан сөз айтпайтын, ұрыс­пай­тын. Бар жақ­сыға тəрбиелеп, бар жақсыны бе­руге ты­рыс­ты. Əкелік махаббатына бөле­ніп өстік.
Əкемнің жаны жомарт, жүрегі кең, өнерге, адамгершілікке бай болды. Сегіз қыр­­лы-бір сырлы. Жас кезінен беташар, той, құдалықтың бəрін жүргізетін. Ағайын­ның, сұраған жанның көңілін қалдырмай той­ларында тамада болатын жəне де сол қыз­меті­не бір тиын, бір шапан алмайтын. Спорт­қа да, биге де мықты болды.
Шахмат ой­нау шеберлігі бір бөлек. Үйде əкемнің бай кітап­ханасы бар. Бізді оқуға, өнерге бау­лы­ды. Туған үйіміздің кей бөлмелерін төбе­сін өзі ағаштан шеберлеп жасады, оюлар сал­ды. Ұсталығы да бар еді. Əкем қайтыс бол­ған соң үйге қарасам, бар бұ­рышы əкем­ді еске салады. Баяны да, домбырасы да, сан­сыз қағаз — папкалары да тұр, бірақ өзі жоқ.
Қайран, əкешім… қанша мақтау сөздер айтсақ та, сіз одан да мақтаулысыз!
Біз үшін, басқалар үшін қаншалықты мейірімді кең болсаңыз, Аллаһ сіз үшін одан да мейірімді, рахымды болсын, пайғам­бар-дан шапағат болсын! Жаныңыз жəннаттан жай тапсын! Біз үшін жақын да болса жұм­бақ жан, сағыныш пен сағым болып қал­ды­ңыз!
Ордабекқызы Роза.