Тағлымы мол рухани іс-шара өтті

464
Күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірден өткен күніне орай Қажымұқан музейінде тағлымы мол рухани іс-шара өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев игі шараның ашылуында сөз алып, бабамыздың жетістіктерін, қайраткерлігін жас ұрпақтың санасына ұялатуда осындай жиындардың маңызы зор екендігіне тоқталды.
Шара барысында облыстық, аудандық қоғамдық ұйым жетекшілері, балуан атамыздың ұрпақтары музей ғимаратын аралап, тарихи құндылықтарды тамашалады.