ШЫМКЕНТ: АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 306 ҚЫЛМЫС АШЫЛҒАН

346

Шымкент қаласында өткен жыл ішінде 3177 бейнекамер орнатылып, біршама қылмыстардың беті ашылған.

Құрылғы көмегімен полиция қызметкерлері күн-түн бақылау орнатып, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап отырған.

Жыл қорытындысына сәйкес, бейнекамералардың көмегімен 306 қылмыс ашылып, 74155 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.