БИЫЛ 33 500 АЗАМАТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

467

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың 2021 жылы атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлар бойынша есебін тыңдады.

Биыл «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 33 500 азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту болса, оның 20 759 –ы тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Осы жылға 24 196 жаңа жұмыс орнын құрылады деп жоспарлануда, оның ішінде 14 157 орын – тұрақты, 9 679 орын – уақытша. 10 522 орын ұлттық жобалар негізінде, 13 674 орын жеке бастамамен ашылатын жұмыс орындары.

Мемлекет басшысының жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмасына сәйкес 18 425 жас жұмыспен қамту шараларына тартылмақ. «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімін 12 айға, ал жалақысын 30 АЕК-дейін ұлғайту және «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімін 18 айға, жалақы мөлшерін 30 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, былтыр 29 жасқа дейінгі 2578 азамат жастар практикасына, 351 адам — әлеуметтік жұмыс орындарына, 3064 — қоғамдық жұмыс, 118 адам -«Алғашқы жұмыс орны» жобасымен, 23 421 адам бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан.

Қала әкімі жастарға арналған бағдарламалардың тиімділігін арттыруды, тұрақты жұмысқа орналасушыларға монитор жүргізіп, олардың санын көбейтуді тапсырды.