“БІРЕУЛЕР ӘКІМДІ ҚУАДЫ, БІРЕУЛЕР ӘКІМГЕ “ҚУАДЫ…”

665

Ал, Түркістандық оқушылар әкімді де қумайды, әкімге де “қумайды”. Балаң ой, балғын жүректен шыққан ақжүрек ашық сұрақтарын қойды… Иә, Түркістан қаласының әкімі Нурбол Тұрашбековпен кезбескен оқушылар әкімге “бүйбейді..” Баспасөз хатшысы Гаухар былай дейді..

ӨСКЕНДЕ ӘКІМ БОЛАМЫН ДЕП ОЙЛАДЫҢЫЗ БА?»
Қандай оқушы болдыңыз?», «Мектепте неге қызығушы едіңіз?» Балаларды қызықтырған сұрақтар осы сарында өрбіді. Әрине, балалық — барлық адамзатқа тән ерекше шақ. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін оқушылармен кездесіп, балалық естеліктерімен бөлісті. Басқосу барысында кей оқушылар әлеуметтік өзекті мәселелер бойынша да ұсыныстарын жеткізді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы:
— Жастық шақта бойға сіңірген тәлім, алған білім, жетістікке деген ұмтылыс — ертеңгі жетістіктің негізі. Сіздерге тек ата-аналарыңыз, бауырларыңыз, ұстаздарыңыз ғана емес, ел сенім артады. Сондықтан, біз Сіздердің алаңсыз білім алуларыңызға жұмыс жасаймыз, ал Сіздер жаңалыққа құштарлықтарыңызбен әлемді мойындатуға ұмтылыңыздар, — деді.
Сонымен қатар, барлық жетістік бала арманнан бастау алатынын, дарынды жастарды қолдауға әрдайым дайын екенін де атап өтті.