Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы «Арғымақ» шағынауданында 200-ден астам халық қоныстанған. Елді мекенде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары атқарылуда.
?Электр жарығымен толық қамтылған.
?Ауыз сумен қамту үшін «Реголит» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су қосу жұмыстары басталды.
?Табиғи газбен қамтуда «Энергоресурс» ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда. Табиғи газ жүйелері құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
?️Елді мекенде 6 көше асфальтталған, 2-і топырақ жол.
Шағал тас төсеу жұмыстарына қаржы қаралған. Мердігер анықталған соң тас төсеу жұмыстары басталады.
Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі