ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

776

Шымкентте бірнеше көшеде жоспарға сай, қыстан кейінгі жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Наурыз айындағы ауа-райы қолайсыздығына байланысты жұмыстар уақытша тоқтаған-ды.

Қала әкімі М.Әйтенов бүгінгі аралауында аталған жұмыстардың барысын тексерді.

Қазіргі таңда Қонаев, №1 автожол (Тәуке хан даңғылы жалғасы), Назарбаев, Бәйдібек би, Төлеметов, Момышұлы, А-2 айналма жолдарындағы ойық-шұңқыр жерлер қалпына келтірілуде.

Сәуір айының аяғына дейін магистралды көшелердегі барлық ойық-шұңқырлар ретке келтірілмек. Бірінші кезекте қаланың магистралды көшелері, кейіннен ішкі орам көшелерінің шұңқырлары жамалады.

Қала басшысы жөндеу жұмыстарын жіті қадағалануын және сапалы орындалуын тапсырды.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk