Аңсар Өсербаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы: “ӨСІМ БАР ЖЕРДЕ КҮРДЕЛІЛІКТЕР КӨП БОЛАРЫ ЗАҢДЫЛЫҚ..”

690

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде биыл жаңа форматта өткізіліп жатыр.

Бұрын әкімдер халыққа бірақ рет есеп беретін, енді биылдан бастап тұрақты түрде кездесіп, көтерілген мәселелер мен өтініштерді талқылап, оны шешу бойынша жоспар түзіп, іске асыратын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы жылдың 16 наурызында халыққа Жолдауын жариялады.
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» деп 10 бағытта алдағы уақытта қандай реформалар болатынын айқындап берді.

Жолдаудың басым бөлігі еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін мәселелерге арналған.

Алдағы уақытта әкімдердің атқаратын басты бағыттары – тұрғындардың табысын арттыру, жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй, сапалы білім мен саналы тәрбие, медициналық көмек және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері болып табылады.

Түркістан өңірі халық саны жағынан тығыз орналасқан және демографиялық өсімі бойынша жоғары аймақ.

2018 жылы халық саны 1 983 969 адамды құраса, 4 жылда 285 216 адамға көбейіп, жалпы 2 269 185 адамға жетті. (алдын ала санақ нәтижесі бойынша)

Халықтың саны өскен сайын, тұрғындар тарапынан көптеген мәселелер мен сұрақтар туындайды, яғни өсім бар жерде, өзекті мәселелерде болып жатады.

Сондықтан аталған мәселелерді дер кезінде шешу біздің басты міндетіміз.

Түркістан облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Кентау қаласындағы есепті кездесуінен.