ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ 8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

387

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде елді мекендердерді сапалы электр қуатымен қамту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Қазір қаладағы елді мекендердің 73-і сапалы электр қуатымен қамтылса, 8-і жекеменшік жүйеден жарық алады. Келесі жылы жылы электрмен қамту көрсеткішін 99,0 пайызға жеткізу межеленген.

Еңбекші ауданында былтыр 3 369 абонентке электр желісінің құрылысы жүргізіліп, 2331 абонентке ЖСҚ әзірленді. Яғни, биыл 8 тұрғын алапта – Абдуллабад, Тұрдыабад, Тоғыс, Маятас, Қарабастау, Оңтүстік, Қаратөбе және Бадамда жекеменшік жүйедегі абоненттерге құрылыс жұмыстары атқарылады. Жоба құны – 695 млн теңге.
Жалпы 2022 жылы Қаратөбе, Қазығұрт, Жұлдыз аумақтарының тұрғындары сапалы электрмен қамтылады.

2025 жылға қарай қалада электрмен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk