БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАҢА 3 СПОРТ АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

444

Қала әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданына қарасты Қаратөбе, Қазығұрт аумақтарының (Базарқақпа, Абдулабад, Тұрдыабад, Шаңырақ, Бадам-1, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас, Маятас, Елтай) тұрғындарымен есепті кездесу өткізді.
Кездесуде аудан әкімі Д.Есілбек аумақтың даму жоспарын баяндады. Еңбекші ауданында өткен жылы 18 спорт алаңшасы орнатылған, биылға 3 алаңша жоспарланып отыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Бадам тұрғын алабы жаңақұрылыс, Жандосов көшесі №67, 17 ш/а №6А үйдің ауласына қойылады.
Ауданда соңғы 9 жылда 103 ашық спорт алаңшасы орнатылған. Соның бүгінде 21-і жаңартуды қажет етеді. Осы жылғы жоспарға сәйкес Қаратөбе тас жолы 146, 18 ш/а №8, 19, 22 үй, 7 ш/а №4 үйдің аулаларындағы ашық алаңшалар жаңарудан өтеді.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Береке Сейітжаппар

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk