ЗАҢ КЕРУЕНІ” АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ.

310

Сауран ауданында облыстық және аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жиын болып өтті. Акция барысында жергілікті тұрғындарға жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш жігерін біріктіру жұмыстары аясында сөз болып, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтар мен өтініштерге нақты жауаптар берілді.

А.ж. 22 қазаны мен 10 қарашасы
аралығында Бас Прокурордың тапсырмасын орындау шеңберінде облыс аумағында прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен «Заң керуені»
акциясы өткізіледі.
Акцияны өткізудің мақсаты жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық
мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен
құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.