”МЕКТЕБІҢЕ ДОМБЫРА СЫЙЛА”АКЦИЯСЫ

300

Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай, Түлкібас ауданында бастау алып, биыл «Балалар жылы» аясында жалғасын тапқан «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясын Түлкібас ауданы Сауран ауданына жолдаған еді.

Акцияның басты мақсаты ұлттық өнерді ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына дәстүрлі өнерді сіңдіре отырып, ұлттың қамын ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Осы орайда, Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N13 жалпы орта мектебінде «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы өтті. Шараға Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы, Сауран ауданына қарасты адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы, Шаға ауылдық округінің әкімі Әбдімүтәліп Шарашұлы, Сауран ауданына қарасты қамқоршылық кеңестің төрағасы Әлішер Құдіреттулаұлы және мұғалімдер мен ата-аналар, демеушілер де қатысты.

Іс-шараны N13 жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларынан құрылған «Наз қоңыр» ансамбльі «Ерке сылқым» күйімен ашты. «Мектепке домбыра сыйлау» акциясында демеушілік жасап, N13 жалпы орта мектебіне төмендегі тұлғалар домбыра сыйлады.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.